Басты бет » Төрт теннисшіміз Уимблдон турнирі іріктеу кезеңін сәтті бастады

Төрт теннисшіміз Уимблдон турнирі іріктеу кезеңін сәтті бастады

Қазақстандық төрт теннисші Уимблдон турнирі іріктеу кезеңінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі. 

Іріктеу додасында 27-ракетка болып тіркелген Михаил Кукушкин бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 278-орында тұрған украиналық Виталий Сачкомен өткізді. Екі сетте де 6:3 есебі тіркеліп, 1 сағат 15 минутқа созылған матчта Кукушкин жеңіске жетті. Михаил іріктеу жарысының жартылай финалында әлемнің 152-ракеткасы, франциялық Бенджамин Бонзимен кездеседі.

Әлемнің 163-ракеткасы Денис Евсеев рейтингіде өзінен 8 саты төмен тұрған франциялық Маттео Мартиноны қапы қалдырды.

Екі сағат 20 минутқа созылған кездесуде Евсеев камбэк жасай алды – 6:7 (4:7), 6:2, 7:6 (10:7).

Рейтингіде 208-орында тұрған Бейбіт Жукаев ерледі деуге болады. Ол әлемнің 154-ракеткасы, аустралиялық Юрий Родионовты жарыс жолынан тайдырды – 7:6 (7:5), 7:6 (9:7).

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 229-сатыдағы Тимофей Скатов әлемнің 158-ракеткасы, италиялық Андреа Пеллегриноны екі сетте жеңді – 6:3, 6:3.

Осылайша, іріктеу сайыстарының жартылай финалында Евсеев әлемнің 133-ракеткасы, франциялық Титуан Дрогетпен, Скатов рейтингіде 129-сатыдағы словакиялық Лукаш Клейнмен сынға түседі. Жукаевтың қарсыласы кейін анықталады.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Яндекс.Метрика