Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Астаналық жігіт жұмыс орнындағы ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген

Астаналық жігіт жұмыс орнындағы ноутбуктерді ломбардқа өткізіп жіберген

Фото: Pixabay

Астанада білім орталығының ноутбуктерін алаяқтық жолмен иеленген күдікті анықталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Есіл ауданы ПБ қызметкерлері алаяқтық жасаған 22 жастағы елорда тұрғынын анықтады. Тергеу барысында жігіттің білім орталығынан үш ноутбукты заңсыз иеленгені анықталды. Жігіт менеджер болып жұмысқа орналасып, төрт айға жуық жұмыс істегеннен кейін сенімге кіріп, пайдалануға арналған құрал-жабдықтарды алып, кейін ол гаджеттерді ломбардқа тапсырған. Келтірілген шығын шамамен 700 мың теңгені құраған. Түскен қаражатты ол өз қалауы бойынша пайдаланған.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика