Негізгі мазмұнға өту
Today Live
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды? Шенеуніктер кетіп еді, асфальтты қоса алып тастады: СҚО-дағы Саумалкөл бекетінде не болды? Қазақ жігіті негізін қалаған британдық TaiSan стартапы 4,65 млн фунт инвестиция тартты Қазақстанда алма әкелуге уақытша тыйым салынуы мүмкін Қасым-Жомарт Тоқаев Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен құттықтады Жезқазғандағы «шала» жөндеу: Жаңа асфальт бордюрсіз қанша уақыт шыдайды? Тараз көшелерін жылан жайлады: Әкімдік неге шара қолданбайды?

Депутат Ирина Смирнова Аir Astana компаниясын сотқа бермек

Депутат Ирина Смирнова Аir Astana компаниясын сотқа бермек

Фото: wikipedia.org

Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова Аir Astana әуе компаниясын сотқа беретінін мәлім етті, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында жазды.

Ирина Смирнованың айтуынша, 23 маусым түнгі сағат 23:35-те Аir Astana әуе компаниясының ұшағымен Алматыдан Астанаға ұшуы керек болған. Алайда, ол рейс 16:30-да ұшып кеткен.

«Жеті сағат ерте ұшып кеткен. Мен билет сатып алған жерден де, әуе компаниядан да ешқандай хабарландыру алған жоқпын. Тіпті ұшып кете де алмас едім. Өйткені осы уақытта менде бұрын жоспарланған іс-шара болды.Таңертеңгі рейстерге мүлдем билет жоқ. Эконом санатына да, бизнес класқа да болмады. Олар барлық шағымды билеттерді алған компанияға жіберуді ұсынды. Бұған әуе компаниясының өзі емес, басқа біреу кінәлі. Дүйсенбіде мен шағым түсіріп, сотқа барамын», — деп жазды ол.

«Аir Astana» әуе компаниясының баспасөз қызметі аталған жағдайға қатысты түсінік берді.

«23 маусым күні ұшатын Алматы – Астана бағыты бойынша КС 955 рейсі өндірістік жағдайға байланысты сағат 23:35-тен 16:30-ға өзгертілді. 21 маусым сағат 09:48-де, яғни ұшуға екі күн қалғанда брондауда көрсетілген контактіге ұшу уақытының өзгергені туралы SMS хабарлама жіберілді. Жүйеде тиісті ақпарат бар», — деп хабарлады әуе компаниядан.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →
Яндекс.Метрика