Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы Баянауылдағы база: блогерлер жарнама жасаған 95 мың теңгенің нөмірі лас болып шықты «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты «Аурудан бұрын кезек өлтіретін болды»: Арыстағы ауруханада жүздеген халық жалғыз кассаға телміріп отыр Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы

    «Менің таңдауым – үнсіздік»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ауруханадағы жазбасы елді ойландырды

    «Менің таңдауым – үнсіздік»: Жұлдыз Әбдікәрімованың ауруханадағы жазбасы елді ойландырды

    Отандық киножұлдыз, актриса және продюсер Жұлдыз Әбдікәрімова ауруханадан жазба жариялап, жан сырын ақтарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. Өнер иесі басы айналып, құлап, ауруханаға жеткізілген еді.

    «Мен ауруханада жатып, көп ойландым. Мен кіммін? Нендей тірлік етіп жүрмін? Қайдан келемін? Қайда барамын? Ата-анама қандай перзентпін? Балаларыма қандай анамын? Өзімнің мыңдаған сұрағыма толық жауап бере алмадым. Бір түсінгенім, мендегі күш күлімсіреу екен. Қандай сынақ келсе де, батпандай әділетсіздік көрсем де, үн қатпау, топырақ шашпау, бет жыртыспау, ақталмау! Жаратқанға әр әрекетім үшін жауабым, жиған сауабым, ізгі амалым бар ма? Мен үшін сұрақтардың ең маңыздысы осы екен. Дүниеде ең оңайы – ақыл айту емес пе?! Ал менің таңдауым – үнсіздік,» – деп жазды актриса.

    Айта кетейік, Жұлдыз Әбдікәрімова әлі күнге дейін диагнозын жариялаған жоқ. Алайда, басының ауырғаны тоқтамай, әлсіздік барын айтқан еді.

    «Әзірге мендегі жағдай бірқалыпты. Ауыр белгілері кеткенімен, бас ауруы, әлсіздік, бас айналуы қоймай тұр. Күндізгі стационардағы ем қонбады. Сондықтан толық зерттеп, ем-шаралары мен жолдарын айтады. Енді екі күн бойы тексерілемін. Баршаңызға рақмет. Негізі ауырып жатқан жоқпын, тек басым айналады,» – деп палатасын көрсеткен еді продюсер.

    Еске салайық, актриса ауруханаға қалай жеткізілгенін айтып, балаларының қорқып қалғанын жазған болатын.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →