Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 29 қыркүйек 2026 $ 443,2↑€ 504,7↑₽ 5,25↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды

    Юлия Путинцева алғаш рет Ұлыбританиядағы турнирде топ жарды

    Фото: ҚТФ

    Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    Қазақстандық теннисші финалда дүниежүзілік рейтингіде 190-орында тұрған аустралиялық Айла Томляновичпен бас жүлдені сарапқа салды.

    Бірінші партияда Путинцева үш брейк жасады — 6:1. Екіншісінде 2:0 есебімен алға кетті. Бірақ аустралиялық спортшы қарап қалмай, есепті 5:3-ке жеткізді.

    Дегенмен Юлия таразы басын теңестіріп, тай-брейкте жеңісті жұлып алды — 7:6 (10:8).

    Осылайша, Юлия алғаш рет көгал төсенішіндегі WTA жарысында топ жарды. Бұған дейін ол 2019 жылы Нюрнберг, 2022 жылы Будапешт додасында жеңімпаз атанған еді.

    Путинцева енді Бад-Хомбург WTA 500 турнирінде бақ сынайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →