Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы Көкшетауда мас ер адам иесі ұйықтап жатқан көлікті ұрлап, 10 метр жүріп ұсталды Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады «Қатты өкінемін»: 20 тәулікке қамалған Данияр Елеусінов бостандыққа шықты Аптап ыстық: еліміздің кей өңірлерінде ауа +44°C-қа дейін ысиды Тоқаев Қазақстан Сыртқы істер министрінің жаңа орынбасарын тағайындады Динара Сәтжан жүкті ме? Желі қолданушыларының болжамы Көкшетауда мас ер адам иесі ұйықтап жатқан көлікті ұрлап, 10 метр жүріп ұсталды Жазира Байырбекова анасын Алматыға көшіріп, батасын жиі алып тұрады

    Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің полиция қызметкерлерін мерекесімен құттықтады. 

    Президент әрбір тәртіп сақшысының қызметін мінсіз атқарып, білікті маман, отаншыл азамат болуы өте маңызды екенін алға тартты.

    “Құрметті полиция қызметкерлері! Кәсіби мерекелеріңізбен құттықтаймын!
    Сіздер заң мен тәртіпті сақтауда, азаматтардың қауіпсіздігі мен тыныштығын қорғауда елеулі еңбек сіңіріп келесіздер.Әділдік идеясы үстемдік құрған қоғамда полиция қызметкерлеріне жоғары талап қойылып, зор жауапкершілік жүктеледі”, – деді Тоқаев.

    Мемлекет басшысы полицейлердің антқа адалдық пен жұртқа жанашырлықтың озық үлгісін көрсетулері керек екенін жеткізді.

    “Сіздердің әділетті мемлекет пен берекелі қоғам құруға өлшеусіз үлес қосып, «Заң мен тәртіп» қағидатын орнықтыруға атсалыса беретіндеріңізге сенемін. Әрдайым абырой биігінде болыңыздар! Баршаңызға зор денсаулық, толайым табыс тілеймін!” – деп қосты президент.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →