Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    Алматы облысында 12 жастағы баланың қолын еттартқыш шайнап кетті

    Алматы облысында 12 жастағы баланың қолын еттартқыш шайнап кетті

    Фото: Еңбекшіқазақ көпбейінді орталық аудандық ауруханасы

    Есік қаласындағы Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасына шұғыл түрде қолын еттартқыш шайнап кеткен 12 жастағы бала түсті, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Ол анасына етті еттартқыштан өткізуге көмектескен. Электронды еттартқыш баланың қолын тартып әкеткен. Науқас ауруханаға қолы еттартқышқа кептелген күйі жеткізілді, деп жазады el.kz.

    Бала ет тартып отырғанда қолында матадан тігілген қолғап болған. Сөйтіп электронды еттартқыш матаны орап әкеткенде, баланың саусақтары да бірге кеткен. Ол жедел жәрдем бөліміне жеткізіліп, хирургтар мен травматолог мамандар науқасты ота жасауға алып кетті. Ота кезінде баланың қолы еттартқыштан босатылды, – деді Еңбекшіқазақ көпсалалы орталық аудандық ауруханасы директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Диана Сүлейманова.

    Дәрігерлер баланың қолы мен екі саусағын аман алып қалды.

    Бес саусақтың екеуі – бас бармақ пен кішкентай саусақты аман алып қалдық. Өкінішке қарай, үш саусақты сақтап қала алмадық. Саусақтар еттартқыштың ішінде түгелдей жаншылып, жұлынып қалды. Бала шокта болды. Бірақ есін біледі, сұрақтарға жауап беріп жатты. Шокты басып, саусақтарды кесіп тастадық. Саусақтар әлі күнге дейін сезімтал және қозғалыс белсенділігі бар, – дейді дәрігер.

    Дәрігерлер ата-аналардан қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →