Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Нұрай Серікбай ісі: Шерхан Аймаханның қорғаушылары үкімге шағым түсірді Астана метросының «Әуежай» станциясы 28 тамыздан бастап жабылады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты

    “18 клубқа 200 млрд”. Антикор футбол мен хоккейге бөлінетін қаражатты қайта қарау керегін айтты

    “18 клубқа 200 млрд”. Антикор футбол мен хоккейге бөлінетін қаражатты қайта қарау керегін айтты

    Фото: Pixabay

    Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров еліміздің спорт саласындағы жемқорлық туралы айтты, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Антикор 2023 жылы спорттың жоғары жетістіктерін қаржыландыру бұқаралық спортқа қарағанда 9 есе көп болғанын айтады.

    Соңғы 6 жылда тек 18 футбол клубын қаржыландыруға 200 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Мұндай шығындармен Қазақстан FIFA әлемдік рейтингінде төмен позицияға орналасқан. Ең қымбат клуб «Самұрық-Қазына» АҚ – дан демеушілік көмек алған — «Астана» ФК. – 50,1 млрд теңге, одан кейін «Барыс» хоккей клубы – 48,9 млрд теңге, – деді Антикордың ресми өкілі.

    Биғайдаровтың сөзінше, ақшаның көп бөлігі еңбекақы төлеу қорына, біржолғы төлемдерге, трансферге, агенттік келісімдеріне жұмсалған.

    Бұл қаражатты игеру жоғары жемқорлық тәуекелдерін тудырады. Өз инфрақұрылымының болмауына байланысты клубтар жыл сайын алаңдар мен мұз айдындарын жалға алуға миллиондаған қаражат жұмсайды. Аталған тәуекелдер бойынша Агенттік ұсыныстар әзірледі. Олардың негізгілері: балалар мен бұқаралық спортқа бейімділікпен қаржыландырудың басымдықтарын қайта қарау, спорттық инфрақұрылымды дамыту, қаржыландыруды орталықтандыру, цифрландыруды енгізу (қазір барлығы қағаз жүзінде), сондай-ақ бір көзден сатып алуды алып тастау, – дейді Данияр Биғайдаров.

    Ол талдау қорытындысы бойынша қандай шешім шыққанын айтты.

    Агенттік Туризм және спорт министрлігіне спортты қаржыландыру саласын жетілдіру бойынша құқықтық және ұйымдастырушылық шаралар кешенін ұсынды, оларды іске асыру уәкілетті мемлекеттік органдардың шоғырлануын талап етеді, сондай-ақ заңнамаға тиісті түзетулер енгізуді көздейді. Ұсынымдардың орындалуы бақылауда, – деді Биғайдаров.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →