Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • «Өзгерткім келмейді»: Министр телефон кодының +7 болып қала беретінін айтты

    «Өзгерткім келмейді»: Министр телефон кодының +7 болып қала беретінін айтты

    Фото: Pixabay

    Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Жаслан Мәдиев Қазақстандағы телефон кодын өзгертуге қатысты ұстанымын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    “Менің азаматтық ұстанымым: мен нөмірлерді +7-ден +9-ға ауыстырып отырғым келмейді. Мен қосымшаларға нөмірімді тіркеп қойдым. Мен оны өзгерткім келмейді. Байланыс операторларымен бірлесіп жүргізіліген консультациялардың нәтижесінде қаржылық, экономикалық және техникалық мүмкіндіктерді ескере отырып, +7 деңгейінде қалу керек деген пікірге тоқталдық”, – деді Жаслан Мәдиев.

    Журналистер қазір Қазақстанның Ресеймен бір префиксте екенін атап өтті. Олардың “Қазақстан үшін кейбір бағдарламалық жасақтамаға салынған санкцияларға байланысты шектеулер қауіпті емес пе?” сауалына министр: “Бұл мәселені байланыс операторлары да зерттеді, ауқымды кеңестер жүргізіліп, қаржылық және техникалық мәселелер сараланды. Сондықтан байланыс операторларымен +7-ні қалдырған дұрыс деген шешімге келдік. Санкцияларға келетін болсақ, мен бұл тұрғыда ешқандай қауіп көріп тұрғаным жоқ”, – деп жауап берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →