Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 15 тамыз 2026 $ 465,6 537,1 5,60
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

    Қазақстандықтар шілде айында қанша күн демалады

    Биыл шілде айында қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Биыл Астана күні — 6 шілде сенбіге түсіп тұр. Сондықтан бұл күнгі демалыс дүйсенбі, 8 шілдеге ауысады. Қазақстандықтар үшін 6, 7, 8 шілде күндері демалыс болады.

    Сонымен қатар 13, 14 шілде, 20, 21 шілде, 27, 28 шілдеде, яғни сенбі-жексенбі күндері қазақстандықтар әдеттегідей демалады.

    Сондай-ақ осы айда кәсіби және басқа да мерекелер бар. Жұмыс күндеріне қарамастан, бұл күндер де аталып өтеді.

    2 шілде – Дипломатиялық қызмет күні.

    7 шілде (шілденің бірінші жексенбісі) – Ұлттық домбыра күні.

    9 шілде – Су шаруашылығы қызметкерлері күні.

    13 шілде – Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік органдарының күні.

    14 шілде – Нотариат күні.

    14 шілде (шілденің екінші жексенбісі) – Балық шаруашылығы қызметкерлері күні

    21 шілде (шілденің үшінші жексенбісі)  – Металлург күні.

    28 шілде (шілденің төртінші жексенбісі)  –  Сауда қызметкерлері күні.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →