Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 30 тамыз 2026 $ 463,8 537,1 5,38
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Алматыда электросамокат апатынан ер адам қаза тапты Семейдегі түнгі клубта астаналық тұрғын соққыға жығылды: полиция мәлімдеме жасады Жамбыл облысындағы «Қарасу» өткізу пунктінде Қырғызстанға бет алған 400-ге жуық жүк көлігі кезекте тұр Жаздың соңғы күндері Қазақстанға жаңбыр мен салқын әкеледі Дмитрий Попко Сербиядағы M15 турнирінің финалына шықты Пәкістанда перзентханадағы өрттен 14 нәресте қаза тапты Алматыда электросамокат апатынан ер адам қаза тапты Семейдегі түнгі клубта астаналық тұрғын соққыға жығылды: полиция мәлімдеме жасады

    Атырау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған

    Атырау тұрғыны азаматтық некедегі әйелін өлтірмек болған

    Фото: inbusiness.kz

    Атырауда ер адам азаматтық некедегі бұрынғы әйелін өлтіруге оқталған. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні іздеп жатыр, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі.

    Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.

    Оқиға 9 маусымда болған. Күдіктінің қылмыстық әрекеті видеокамераға түсіп қалған.

    «Атырау қаласындағы көпқабатты үйдің бірінің дәлізінде ер адам 33 жастағы әйелді өлтіруге оқталған. Қазір 29 жастағы күдіктіге қатысты қылмыстық іс тіркеліп, тергеу басталды. Күдіктінің жеке басы анықталып, оны ұстауға бағытталған кешенді жедел-іздестіру іс-шарасы жүргізіліп жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды», -деп хабарлады Атырау қаласындағы № 1 полиция бөлімінің бастығы Руслан Байтенов.

    Оның ақпаратына қарағанда, күдікті мен жәбірленуші бұрын азаматтық некеде болып, бірге тұрған.

    Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сәйкес жариялауға жатпайды.

    Қазір жәбірленуші ауруханада жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →