Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • «Хендон» футболшысы Эзекиль Уильямс 26 жасында қайтыс болды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды •

    Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті

    Алматыда Мұрат Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті

    Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді.

    М.Әуезов атындағы Қазақ ұлттық драма театрында мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Мұхтарұлы Әуезовпен қоштасу рәсімі өтті, Бұл туралы Qazaq.today ақпарат порталы inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

    Қоштасу рәсіміне министрлік пен әкімдік өкілдері, сенат депутаттары, қоғам қайраткерлері мен қазақ зиялылары, марқұмның туған-туыстары қатысты. Іс-шара барысында Мемлекет басшысының көңіл айту хатын Президент кеңесшісі Мәлік Отарбаев оқыды.

    “Аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, мәдениеттанушы, шығыстанушы ғалым, бірінші дәрежелі Барыс орденінің иегері, дипломат Мұрат Мұхтарұлы Әуезовтің дүниеден өтуіне байланысты қайғыларыңызға ортақтасып, көңіл айтамын. Мұрат Мұхтарұлы ұлт руханиятының алға басуына, қазақ ғылымының көкжиегін кеңейтуге бар саналы ғұмырын арнаған зиялы, парасатты тұлға еді. Қазақ әдебиеті мен мәдениетін, тарихын терең зерделеп, сонда өлшеусіз мұра қалдырды. Қазақстанның халықаралық дәрежедегі беделінің артуына өзінің саяси қоғамдық істерімен зор үлес қосты”, — делінген Мемлекет басшысының көңіл айту хатында.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →