Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    Ұлттық ұланның комаға түскен сарбазының өміріне қауіп төніп тұр

    Ұлттық ұланның комаға түскен сарбазының өміріне қауіп төніп тұр

     

    Ол сарбаздың анасын ауруханаға кіргізбей, ұлын оған көрсетпей отырғанын айтады. Сонымен қатар, аурухана басшылығы ұлын көруге тырысқанына жауап ретінде полиция шақырған. Бұл туралы Qazaq.today сайты Ұлысмедиаға сілтеме жасап хабарлайды.

    — Комада жатқан солдат Ербаян Мұхтардың анасын ауруханаға кіргізбей, баласын көрсетпей, емхана басшылығы анасына, ағасына шағымданып, полиция шақырып жатыр. Ұлы өмір мен өлімнің ортасында жатқан, әділдік іздеген анаға сонша қиянат көрсететіндей не болды? Басты макал: оған ұлын неге көрсетпей жатыр? Біз Ербаянның өміріне қауіп төніп тұрғанын мәлімдейміз! – деп жазды ол.

    Белсенді бұл жағдайда ашықтық пен әділеттілікті талап етеді.

    ____________________________________________________

    ____________________________________________________

    Комаға түскен сарбаз

    Алматыдағы Ұлттық ұланның 5571 бөлімінде былтыр құлап, комаға түскен, биыл сәуірде оянған сарбаз Ербаян Мұхтарды емдеу үшін әке-шешесі Түркиядан дәрігер маман шақырған. Ербаянның анасы Гүлсім Қамиева мен әжесі Күләш Смайылова Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Жоғарғы сотқа, Қазақстан халқына тағы үндеу жариялады. Гүлсім Қамиеваның ұлы – қатардағы жауынгер Ербаян Мұхтар былтыр мамырда мерзімді әскери қызметке алынған.

    2023 жылдың 4 желтоқсанында түнде Алматыдағы Ұлттық ұланның №5571 бөліміндегі дәретханада құлап, бас-миының ашық жарақатын алған. Орталық клиникалық ауруханасының анықтамасы бойынша, сарбаздың бас сүйегі жарылып, желке сүйегі сынған, ауыр ми жарақатын алған. Әскери бөлім «сарбаз дәретханада өзі құлап, басын кафельге соғып алды» деген. Ербаян Мұхтардың әкесі де, шешесі де бұл нұсқаға сенбейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →