Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    Астанада алаяқ 40-қа жуық азаматқа концертке жалған билет сатқан

    Астанада алаяқ 40-қа жуық азаматқа концертке жалған билет сатқан
    Бүгінгі таңда Астана мен Алматы қаласынан 40-қа жуық алданған азамат полицияға жүгінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Сарыарқа ауданы ПБ полиция қызметкерлері Семей қаласының 32 жастағы тұрғынын анықтады.

    Әйел OLX хабарландыру қызметін пайдаланып, әйгілі ресейлік әншілердің концерттеріне билеттер сатқан. Келтірілген шығын сомасы 10-70 мың теңге аралығында болған.

    Шарт бойынша сатып алушы төлемді мобильді қосымша арқылы жіберуі керек болған. Ал билет сатушысы оларға жалған өткізу QR кодтарын жіберген.

    Алаяққа алданған азаматтар соңында концертке кіре алмаған. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

    Елорда аумағында жасалған алаяқтықтың осыған ұқсас фактілеріне қатыстылығы тексеріліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →