Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 29 шілде 2026 $ 474,9 540,4 6,09
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы Астанада жедел жәрдем стансасында 700 млн теңге ұрлағандар сотталды Хаби Алонсо: Дастан Сатпаев өте күшті әрі жылдам Қарағандыда №27 мектептің ағаштары оталып жатыр ма: Әкімдік рұқсат қағазын неге көрсете алмай отыр? Сенім экономикасы: Қазақстан инвестиция үшін жаһандық бәсекедегі позициясын қалай нығайтып жатыр? Министрлік тағы да бюджетті сылтауратты: Астанадағы нөсер суы мен вице-министрдің жауабы Мерекелік шаралар жастардың Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады — Ұйғыр этономәдени орталығының төрағасы

    Бұдан былай қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі

    Бұдан былай қызмет бабында қаза тапқандардың отбасыларына баспана беріледі

    Фото: istockphoto.com

    Қазақстанда қызмет бабында қаза тапқандардың отбасына енді баспана берілуі мүмкін, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    Заңда мемлекеттік немесе қоғамдық міндеттерін, әскери борышын өтеу кезінде, адам өмірін сақтап қалу және құқықтық тәртіпті сақтау кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына тұрғын үй беру ұсынылып отыр. Жергілікті атқарушы органдар осы санаттағы азаматтарды қызметкер қайтыс болған күннен бастап бір жылдан кешіктірмей тұрғын үймен қамтамасыз етуге міндетті болады.

    Сонымен қатар мемлекеттік қолдау шаралары аясында берілетін тұрғын үйдің жалпы көлемінің кемінде 70 пайызы 1 және 2 топтағы мүгедектерге, мүгедек балалары бар және оларды тәрбиелеп отырған отбасыларға, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, «Алтын алқа», «Күміс алқа» иегерлері немесе бұрын «Батыр ана» атағымен, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен марапатталғандарға, көп балалы отбасылар мен жесірлерге беріледі. Бұл топқа Ұлы Отан соғысы ардагерлері мен соларға теңестірілген басқа да әскери қимыл ардагерлері кіреді.

    Бұдан бөлек халықтың әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған топтарының тізімі кеңейтіледі. «Жесірлер» санаты жеке тәуелсіз санатқа бөлінеді. Түзетулер асыраушысынан айырылғандардың мүдделерін қорғау үшін енгізілуде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →