Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Сарри «Қайратты» қауіпті қарсылас деп атады • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды •

    80 елдің оффшорына ақша аударған 600 қазақстандық белгілі болды

    80 елдің оффшорына ақша аударған 600 қазақстандық белгілі болды

    600-ге жуық қазақстандықтың шетелдегі есепшотына қатысты мәлімет алынды. Бұл туралы Qazaq.today ақпарат агенттігі Jibek Joly телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

    “Қайтарылуы тиіс» деректі фильмінде қаржы вице-министрі Ержан Біржанов қазақстандықтардың шетелдегі қаржылық операцияларына қатысты мәлімет алу жұмысы жүргізіліп жатқанын айтты.

    «Бүгінде Қазақстан Страсбург конвенциясына қосылды. Оған сәйкес, мемлекеттер өзге елдің резиденттерінің қаржылық операцияларымен алмасады. Яғни, біз бүгінде 600-ге жуық қазақстандықтың деректерін алдық — олардың қай елде және қандай мәміле жасағанын, шетелдік есепшотына қанша қаражат түскенін біліп отырмыз. Мұның үстіне осы 80 елдің оффшорлық юрисдикциясы бар екендігін айта кеткім келеді және жыл сайын аталған конвенцияға қосылып, дерек алмасатын елдердің саны артып келе жатыр. Яғни, барлық ел тазарғысы, шынайы, таза табысты көрсеткісі келеді. Бүкіл мемлекеттер алаяқтық, капиталды жылыстату фактілерін тыйып жатыр. Бұл — жалпыәлемдік тенденция», — дейді вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →