Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 5 қараша 2026 $ 452,6↓€ 508,3↑₽ 5,54↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді • Есіл тартылған жоқ — оны реттеп отыр: өзеннің шынайы проблемасы қайда? • Ұлытау облысында онкологиялық корпус пен жаңа емхана салынуда • Бенеил Дариуш: Усман Нурмагомедов UFC-те топ-10 бәсекелесімен дебют жасайды • Санкт-Петербургте таэквондо жаттықтырушысына қатысты іс ескіру мерзіміне байланысты тоқтатылды • Нұрғиса Әділетұлы Нинбодағы әлем чемпионатында күміс жүлде алды • Тоқаевтың шақыртуымен Қазақстанға Иордания Королі мен Тәжікстан Президенті келеді •

    Қазақстанда тағы бір петицияға 50 мың қол жиналды

    Қазақстанда тағы бір петицияға 50 мың қол жиналды

    Қазірдің өзінде 50 мың қол жинаған петиция авторлары шенеуніктерге құмар ойын ойнауға тыйым салуды талап етіп отыр, — деп хабарлайды Qazaq.today сайты Tengrinews.kz сілтеме жасап.

    «Қолында билік пен қазына бар, лудоман-шенеуніктер ірі көлемдегі мемлекеттік ақшаны ойынға ұттырып жібереді, — делінген петицияның сипаттамасында. — Олар өз отбасын ғана емес, біздің отбасымызды да тонайды. Халық қызметшілерінен құмар ойын қызметшілеріне айналады. Алматы облысындағы казиноларды бір ғана ресми тексеру 305 шенеуніктің жарты миллиард теңгеден айырылғанын көрсетті. Орташа алғанда, әрқайсы шамамен 1,7 миллионды желге ұшырған».

    Авторлар мұны тек бір тексеру көрсеткенін және бұл тек ресми түрде айтылған деректер екенін атады.

    Петиция 50 мың қол жинағанымен, жағдайға айтарлықтай әсер етуі екіталай, өйткені шенеуніктер үшін құмар ойындарға тыйым салу құмар ойындар, лотерея және лотерея қызметі туралы заң жобасында жазылып, Мәжілісте қаралып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →