Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 447,2↓€ 501,1↓₽ 5,23↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады • Үш есе өскен қаржы, 1120 мектеп және 655 мың грант: Тоқаев реформалары нәтижеге қалай айналып жатыр? • Қазақ ұлттық спорт университеті (KNUS) алғашқы түлектерін шығарып, студенттер саны 5 мыңнан асты • «Жұлдыз болатынын білген жоқпын»: Мөлдір Мұқан дайынға келмегенін айтты • Риддер көшелерінде аюлар жүр: тұрғындар балалардың қауіпсіздігіне алаңдайды • Үш қазақ таеквондошысы Париждегі Гран-приге қатысады • Алматыда IT және жасанды интеллект саласын дамытуға арналған екі ірі орталық құрылады •

    Алматы облысында пошта арқылы келген косметика есірткі болып шыққан

    Алматы облысында пошта арқылы келген косметика есірткі болып шыққан

    Қаржылық мониторинг агенттігі аса ірі көлемде есірткі контрабандасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізіп жатыр.

    Агенттік мәліметінше, Алматы облысының Іле ауданындағы «Казпошта» АҚ бөліміне шетелден косметикалық бұйымдар түрінде жасырылған салмағы 777,4 грамм есірткі өнімі каннабис экстракты (гашиш майы) салынған жөнелтілімнің түскені анықталды.

    «Жөнелтілімді қабылдаушы есірткі өнімдерінің заңсыз айналымы үшін бұрын сотталған азамат болып шықты. Оның тұрғылықты жері бойынша тінту барысында есірткіні шегуге арналған құрылғылар, қолданылған шприцтер, зип-пакеттер және т.б. заттар табылды», — деді ҚМА ресми өкілі Әлібек Әбділов.

    Қазір аталған азамат сот шешімімен қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →