Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 28 шілде 2026 $ 474,6 541,2 6,08
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды Павлодарда жоғарғы қабаттан лақтырылған мұз даладағы әйелдің басын жарды Халық Банкінің тәуелсіз директоры болып Хенк Ян Хугендорн бекітілді Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті Жезқазғандағы демалыс орыны қоқыс полигонына айналған Маңғыстауда әйел Каспий теңізіне батып кетті Шеге майыстырумен танылған Сергей Цырульников лауазымды қызметке тағайындалды Павлодарда жоғарғы қабаттан лақтырылған мұз даладағы әйелдің басын жарды Халық Банкінің тәуелсіз директоры болып Хенк Ян Хугендорн бекітілді Владимир Путин Ресей Қарулы Күштерінің әскери қызметшілер санын 25 мыңға көбейтті

    Жамбыл облысында орманнан өрт шықты

    Жамбыл облысында орманнан өрт шықты

    Жамбыл облысы Меркі орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығының аумағында құрғақ шөп өртенді, деп хабарлайды Qazaq.today ақпарат агенттігі.

    5 маусым сағат 02:00-де «Меркі» орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесіне қарасты Сарыкөбі орман шаруашылығы аумағындағы өрт аумағы 1750 гектарға жетті.

    «Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша өртті сөндіруге тартылған күштер мен құралдарды үйлестіру үшін облыс әкімінің орынбасары Қ.Мәдібек, төтенше жағдайлар департаментінің басшысы А.Тоқанов, табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Н. Егембердиев оқиға орнына барды.

    Барлығы 244 адам, 50 бірлік техника жұмылдырылды, оның ішінде 100 орман шаруашылығы қызметкері, 13 трактор, 2 автоцистерна, сондай-ақ 12 жеңіл автокөлік, 1 тікұшақ және «Қазавиалесқорғау» 6 қызметкері болды”, – деп мәлімдеді Жамбыл облысының әкімдігі.

    Төтенше жағдайлар департаментінің 84 қызметкері мен 9 техника бірлігі тартылды.

    Орман шаруашылығы аймағы аудандағы ең жақын елді мекеннен 160 км қашықтықта орналасқан.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →