Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 26 қазан 2026 $ 452,2↓€ 506,6↓₽ 5,63↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы • Астанада полицей басынан жарақат алған азаматты ауруханаға жедел жеткізуге көмектесті • Жұмыссыз қалғандарға көмек: 2027 жылдан төлем мерзімі қысқарады • Атырауда Республика күніне орай Мемлекеттік ту көтерілді • Қарағанды облысында жүк көлігі жолаушылар пойызымен соқтығысты • Әлем көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Республикасының күнімен құттықтады • Қазақстанда Қазақстан есімді 28 адам тұрады – Ұлттық статистика бюросы •

    Оралдағы зауытта жұмысшы қаза тапты

    Оралдағы зауытта жұмысшы қаза тапты

    Фото: Kazinform

    Оралда әк зауытында қаза тапқан жұмысшының өліміне қатысты тергеу жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы.

    БҚО еңбек инспекциясы бойынша басқармадан мәлім еткеніндей, аталған зауытта 27 мамырға қараған түні шамамен сағат 02.45-те бос вагондарды тасымалдаушы, 1973 жылғы ер адам жазатайым оқиғаға тап болған.

    «Бос вагондарды тасымалдаушы автоматты қалаушыға қысылып қалған. Салдарынан жедел жәрдем шақыртылып, көлік шамамен 20 минуттан кейін келіп, зардап шегушіні алып кеткен. ҚР Еңбек кодексінің 188-бабы 4-тармағы талаптарына сәйкес 28 мамыр күні жазатайым оқиғаға арнайы тергеу жүргізу үшін комиссия құру туралы бұйрық шығарылды. Еңбек инспекторымен бірге оқиға орнына барылып, фото-видео фиксация жасалды. Басқарма арнайы тергеу жүргізу үшін қажетті материалдарды алды», — деп хабарлады ведомстводан.

    БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі жұмысшының өлімі бойынша Зачаган полиция бөлімінің қылмыстық іс қозғағанын жеткізді. Сараптамалар тағайындалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →