Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 25 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Қылмыстан зардап шеккендерге өтемақы: кімдер ала алады және қалай өтініш беру керек Маңғыстауда қаза тапқан әскерилердің аты-жөні жарияланды «Нөлдік тариф – тегін өңдеу емес»: сарапшы Қазақстандағы мыс өндірісіне қатысты мәселені көтерді Әзірбайжан Каспийдегі қазақстандық әскерилердің қазасына көңіл айтты Алматыда ғылымды дамытудың 2027–2029 жылдарға арналған басым бағыттары талқыланды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін

    Мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңгені құрады

    Мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңгені құрады

    Фото: istockphoto.com

    2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 пайызды құрады. Бұл туралы Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін баяндаған Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Есепті жылы (2023 жылы) бюджет тапшылығы 3,1 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 2,6%. Бюджет тапшылығы ішкі көздер есебінен қаржыландырылды», — деді Д. Темірбеков.

    Оның айтуынша, 2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша мемлекеттік борыш 27,2 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге шаққанда 22,8 пайызды құрады. Оның ішінде Үкіметтің борышы жалпы ішкі өнімге қарағанда 20,9% немесе 24,9 трлн теңгені құрады.

    «Мемлекеттік борыштың жоғарғы шегі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үшін жалпы ішкі өнімге 50 пайыздан аспайтын деңгейде белгіленген. Қазіргі кезде Мемлекеттік қаржыны басқару тұжырымдамасында белгіленген борыштық индикаторлар рұқсат етілген межеде тұр. 2024-2028 жылдарға арналған болжамдар мемлекеттік борыш көрсетілген жылдары лимиттен аспайтынын және жалпы ішкі өнімге 25%, ал үкіметтік борыш жалпы ішкі өнімге шаққанда 21% деңгейінде болатынын көрсетіп отыр», — деді вице-министр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →