Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 447,7 511,6 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты «Сарбаздарға дұғада болайық»: Нұрлан имам халықты сабырға шақырды «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды Ұлдана Мырзуан ісіндегі күдікті 2 жылға сотталуы мүмкін Президент әскери қызметшілердің қаза табуына қатысты көңіл айтты «Сарбаздарға дұғада болайық»: Нұрлан имам халықты сабырға шақырды «Алла сабыр берсін»: Әзербайжан Қазақстанға көңіл айтты Азиада-2026: Кирилл Проходов Азиада ойындарының күміс жүлдегері Бозымбаев Ақтауға шұғыл ұшады: Бектенов Маңғыстаудағы әскери қызметшілер өлімін тергеуді тапсырды

    «Азық-түлік корпорациясы» департаментінің директоры мен бас маманы сотталды

    «Азық-түлік корпорациясы» департаментінің директоры мен бас маманы сотталды

    Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен «Азық-түлік корпорациясы ҰК» АҚ қаржы департаментінің директоры Н.Г. Жұмаділов және бас маманы Г.Ж. Әбенов сотталды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Олар кәсіпкерден құжаттарды жинау бойынша бұрын көрсеткен қызметтері үшін, сондай-ақ астық түрінде тауарлық несие беру туралы шартқа қол қоюға көмектескені үшін пара алды деп күдіктенді.

    «Сотталғандарға қатысты сот шешімімен мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, жалпы сомасы 48 млн теңге айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

    Қала прокуратурасы үкімді бас бостандығынан айыру жазасына өзгерту бойынша апелляциялық өтініш енгізді», — делінген хабарламада.

    ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →