Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Тоқаев 14 азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттады • «4,5 пайыздық өсімнен де маңызды мәселе бар»: экономист Қазақстан экономикасындағы өзгерістерді түсіндірді • Тоқаев Жарлығымен тіл мен мәдениет қайраткерлері марапатталды • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді •

    Балаларды жыныстық қатынасқа тартқан шенеунік 3,5 жылға сотталды

    Балаларды жыныстық қатынасқа тартқан шенеунік 3,5 жылға сотталды

    Берлин, Qazaq.Today – Германияда Люнен қаласының мэрінің бұрынғы орынбасары балалар порнографиясын көргені және кәмелетке толмағандарға интимдік хаттар жолдағаны үшін түрмеге жабылды. Бұл туралы Qazaq.Today ақпарат агенттігі Bild сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    41 жастағы Даниэль Вольски жасөспірімдерге өзінің жалаңаш суреттерін жіберіп, оларды кездесуге көндірмек болған. Оның үстіне саясаткер ұлдармен де, қыздармен де хат жазысқан. Кездесуге көнген балаларды зорлап, орнына аз мөлшерде ақша немесе сыйлық берген. Вольскидің жасөспірімдерді 2018 жылдан бері жыныстық қатынасқа тартқаны белгілі болды.

    Тергеу барысында ер адамның балалар порнографиясын сақтағаны анықталды. Осыдан кейін ол бірден қызметінен кетті. Бес аптаға созылған сот отырысының екінші күнінде әкімнің бұрынғы орынбасары өз кінәсін толық мойындап, барлық жәбірленушіге 1000 еуроға дейінгі мөлшерде өтемақы төлеген.

    Судья оны кінәлі деп тауып, емделуге кеңес беріп, үш жарым жылға бас бостандығынан айырды. Ол түрмеде жазасын өтей бастағанға дейін ешқайда кетпеу туралы қолхатпен қалады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →