Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 27 қазан 2026 $ 453,3↑€ 508,7↑₽ 5,56↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) • Алматыда Республика күніне орай ауқымды мерекелік концерт өтті • Астанада NUMORI мен Saz&Soul өнерпаздары қазақ және корей әндерін орындады • Ақтауда Hyundai көлігі сау-тамтығы қалмай өртеніп кетті: ішінде 45 литрлік газ баллоны болған (ВИДЕО) • Қыс жылынып жатқан жоқ — ол қысқарып жатыр: Қазақстан климаты қай бағытта өзгеріп барады? • Алатауда 800 млн долларлық Iconic Complex жобасы салына бастады • Мөлдірге жету қайда: Желіде Тұрсынбектің екінші әйелі көптің талқысына түсті (ВИДЕО) •

    Ресейде суға құлаған автобус жүргізушісі қамауға алынды

    Ресейде суға құлаған автобус жүргізушісі қамауға алынды

    Фото: Valentin Yegorshin/TASS

    Санкт-Петербургте өзенге құлаған автобустың жүргізушісі қамауға алынды. Ол сотта тежегішінде ақауы бар автобусты басқарғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

    DW басылымының жазуынша, Санкт-Петербургтің Октябрь аудандық соты 10 мамырда Мойка өзеніне құлаған автобус жүргізушісі Рахматшох Курбоновты 9 шілдеге дейін қамауға алды.

    Ер адам екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған жол ережесін бұзды деп айыпталуда. Жүргізуші жеті жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

    Сот отырысында Курбонов өзі басқарған автобустың тежегішінде ақау болғанын айтып, кінәсін мойындады. Ол қаза тапқандардың туыстарына көңіл айтып, жасаған ісіне өкінетінін жеткізді.

    Айта кетейік, Санкт-Петербургтің орталығындағы автобус апатының салдарынан жеті жолаушы қаза тапты, екеуі ауруханада ауыр жағдайда жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →