Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Жетісу облысында жүргізуші 15 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды • Тоқаев тіл мәселесінде арандатушылық жасағандар жауапқа тартылады деп ескертті • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент •

    Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

    Алматы полициясы күшейтілген режимде жұмыс істей бастады

    Алматы полициясы қызметтің күшейтілген нұсқасына көшті, – деп хабарлайды Qazaq.today басылымы Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

    “Құқықтық тәртіп” жедел алдын алу іс-шарасы аясында Алматы полициясы қоғамдық тәртіпті қорғауды күшейтті.

    10-20 мамыр аралығында Алматы полициясы күшейтілген түрде қызмет етеді. Жедел алдын алу іс-шарасын өткізуге Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, полиция қызметтері мен бөлімшелерінің қызметкерлері жұмылдырылған. Қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтың алдын алу және жолын кесу мақсатында іс-шара аясында полиция жасақтарының тығыздығы арттырылды.

    “Қылмысқа мүлдем төзбеушілік” қағидаты аясында полиция қызметкерлері мен әскери қызметкерлер көшелерді, аулаларды, алаңдарды, саяжайларды және басқа да қоғамдық орындарды аралауда. Полиция, сонымен қатар көші-қон заңнамасын, соның ішінде құрылыс және сауда салаларында құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында тексерулер жүргізіп жатыр.

    Сондай-ақ азаматтық қару иелері мен полицияның профилактикалық есебінде тұрған адамдарды тексеру жүргізіліп жатыр.

    Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды, қылмыскерлерді іздестіру, сондай-ақ бөтеннің мүлкін ұрлаумен, пәтер тонаумен, ұрлықпен және т.б. айналысатын қылмыстық топтарды әшкерелеу бойынша ПД-ның жедел бөлімшелерінің жұмысы күшейтілді.

    “Құқықтық тәртіп” іс-шарасы – бұл қылмыстық ахуалды жақсартуға, сондай-ақ қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге бағытталған ауқымды шара.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →