Негізгі мазмұнға өту
Жексенбі, 11 қазан 2026 $ 453,8↑€ 508,3↑₽ 5,33↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды • Көкшетауда 21 жастағы тұрғынның телефоны мен депозитіндегі 2,65 млн теңгесін ұрлаған күдікті ұсталды • Жібек Құламбаева Түркиядағы WTA 125 турнирінің жартылай финалына шықты • Зейнетақы жарналарын еңбек өтіліне есептеу тәртібі нақтыланбақ • Қазақстанда А(H1N1)pdm09 тұмауының алғашқы бес жағдайы тіркелді • Медицина қызметкерлерінің мәртебесі туралы заң жобасы талқыланды • Қырғызстан азаматы Қазақстан арқылы 182,3 млн теңгелік алтынды заңсыз өткізбек болды •

    Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған

    Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген 105 млн теңгені жымқырған

    Фото: Pixabay

    Жамбыл облысында алаяқтар субсидияға бөлінген қаржыны жымқырған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Алматы арнасына сілтеме жасап.

    Бұл жолы облыстың екі тұрғыны 105 миллион теңгені қалтаға басқан. Олар қаржылық қылмысты екі жыл бұрын Тұрар Рысқұлов ауданында жүзеге асырған. Сол аудандағы 100-ден аса шаруа қожалығына сапалы техника алып береміз деп сан соқтырғандар құрылғылардың бағасын бірнеше есе қымбат көрсетіп, мемлекеттік порталға 604 миллион теңгеге өтінім берген. Ал мемлекеттік бағдарлама бойынша сұратылған қаржының 25 пайызын министрлік төлеп береді. Сөйтіп қылмыскерлер қолға түскен 151 миллион теңгенің тек 45 миллионына құрал алып, қалғанын қолды қылған.

    «Мемлекетке 105 млн теңге шығын келтіріп отыр. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2- тармағына сәйкес екі тұлғаға қатысты 10 жылға дейінгі мерзімде бас бостандығынан айыру жазасы көзделген», – деді облыс прокурорының аға көмекшісі Нариман Торабеков.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →