Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 10 қараша 2026 $ 449,1↑€ 501,2↑₽ 5,49↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады • Тоқаев қазақ тіліндегі кейбір жасанды аудармаларға күмән келтірді • Бүгін футзалдан Қазақстан құрамасы Беларусьпен ойнайды • Тоқаев қазақ тілі орфографиясын келесі жылдың соңына дейін ретке келтіруді тапсырды • Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент • Тоқаев «Қазақ тілі» халықаралық қоғамының X съезінде сөз сөйледі • Димаш Құдайбергеннің мексикалық жанкүйерлері тосынсый жасады •

    Прокурор жарыссөзде Нүкенованың басына жиналған қан мөлшерін көрсетті

    Прокурор жарыссөзде Нүкенованың басына жиналған қан мөлшерін көрсетті

    Фото: Видеодан алынған кадр

    Прокурор Айжан Аймағанова жарыссөзді бастады. Ол Нүкенованың 2023 жылдың көктемінде, жазы мен күзінде Бишімбаевтан психологиялық, физикалық қорлық көргенін, соққыға жығылғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап.

    Мемлекеттік айыптаушы Бишімбаевтың Нүкенованы азаптағаны жәбірленушінің, куәгерлердің, сотталушы Байжановтың берген куәлігі, фото мен бейнематериал, жазысқан хаттар мен жазбалар растайтынын мәлімдеді.

    «Құрметті алқабилер, құрметті сот, мен ақылды, білімді, келбетті, бірақ ең маңызды нәрсе, жүрегі жоқ адамды бірінші рет көріп тұрмын. Онда жүрек жоқ. Біз оның көзінен өкініш көрген жоқпыз. Жанашырлық, аяушылық сезімін көрмедік. Бишімбаевтың айтқанындай, Салтанат унитазға, еденге құлағаннан қаза тапты ма әлде оның соққыларынан көз жұмды ма, оны бізге мамандар мен экспертиза қорытындысы көрсетіп берді», — деді Айжан Аймағанова.

    Ол соққылардан кейін Нүкенованың басына жиналған қанның көлемін құтыға сұйықтық құйып көрсетті.

    «Адам басына 70 мл гематома жиналса, өледі. Ал, Салтанаттың басына 230 мл қан жиналып, миын қысты», — деді мемлекеттік айыптаушы.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →