Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 11 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады Ақтаудағы 73 жастағы Балым әжей велосипед тебуді үйреніп, әлеуметтік желіні баурап алды Президент Шавкат Рахмоновтың әкесінің қайтыс болуына көңіл айтты 65 жастан асқан жүргізушілер екі жылда бір міндетті медициналық тексеруден өтеді Камерун президенті Пол Бия 7 маусымнан бері көпшілікке көрінбейді Қазақстанда мұнай мен жанармай бағасы өсті «Достық-Мойынты» желісінің екінші жолын іске қосу арқылы жүк пойыздарының жылдамдығы 87,5%-ға артады

    Жайық өзеніне Орынбор облысынан тасқын су келіп жатыр

    Жайық өзеніне Орынбор облысынан тасқын су келіп жатыр

    Батыс Қазақстан облысында су тасқынының екінші кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Qazaqtoday.

    Орал қаласы әкімінің баспасөз қызметінің басшысы Ерхан Тәткеннің айтуынша, жағдай әлі де күрделі. Ресейдің Орынбор облысындағы су көздерінен Жайық өзеніне көп көлемде су түсуде. Судың көбею қарқыны жылдам. Соның салдарынан Ақжайық, Бөрілі, Бәйтерек, Теректі аудандарының 80 астам елді мекені, сондай-ақ Жайық өзенінің бойында орналасқан Орал қаласының аумақтарын су басу қаупі бар.

    Мамандардың болжамына сәйкес, Орынбор қаласынан су облысқа 17-19 сәуір күні келеді.

    «Су тасқынының алдын алу бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Бүгінде облыс бойынша Жайықта ұзындығы 72 км болатын бөгет салынып, өзен жағасы нығайтылды. Қазіргі уақытта өзеннің бойындағы қауіп төніп тұрған елді мекендерден тұрғындарды эвакуация жұмыстары жүргізіліп жатыр. Адамдарды қауіпсіз жерге орналастыру үшін сыйымдылығы 8596 орынға есептелген 161 уақытша орналастыру пункті дайындалды. Бүгінгі таңда облыс бойынша эвакуациялық пунктерде 2 мыңға жуық адам бар. Оған қажетті заттар мен азық-түлік, киім-кешектер уақытылы жеткізілуде», — деді ол.

    Сонымен қатар, зардап шеккен тұрғындардың шығынын есептеу бойынша арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр.

    Фото: Ресей Федерациясы ТЖМ

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →