Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 10 тамыз 2026 $ 469,0 542,1 5,75
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді Жол белгісі қойылмаған: Теміртауда жүргізушілер жаппай куәліктен айырылып жатыр Бүгін ұлт ойшылы, хакім Абай Құнанбайұлының туған күні (ВИДЕО) «Таң қалдым»: Алтынай Жорабаева ұзатудағы ерекше торт туралы айтты (ВИДЕО) Өзбекстандық блогерге Қазақстанда халықаралық іздеу жарияланды Әскерилер өлімі: Нигерде екі автобус соқтығысып, 22 адам қаза тапты Ақтөбедегі жылқышының жалақысына қатысты шаруа қожалығы иесі түсінік берді

    Бағлан Әбдірайымов су тасқыны кезінде «хайп» қуағандарды ақылға шақырды

    Бағлан Әбдірайымов су тасқыны кезінде «хайп» қуағандарды ақылға шақырды
    Screenshot

    Фото: @baglan_abdraimov_official

    Танымал әнші, продюсер Бағлан Әбдірайымов әлеметтік желіде елдегі алапат жағдайда «хайп» қуып, негативті видео таратып жатқандарға жазба арнады, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    «Әні, міні дегенше сауабы сансыз Рамазан айы да бітті. Бұл қасиетті айда еліміз үшін сауабы мен қатар сынағы да қатар келіп, еңсеміз езіліп тұр. Айтып келмейтін апат Батысымызды басты. Солтүстігімізді шайып жатыр. Амал нешік, табиғи апат Алланың қалауы дейміз…

    Бұл күн де өтер, біз жиі айтатын бір қиындықтан кейін екі жеңілдік бар екені анық. Күн жылып, су сіңіп, апатты аймақтардағы қираған үйлер қайтадан қалпына келтірілер. Осы тұста хайп қуып, қасірет үстіне неше түрлі прикол сөздерді қосып, негативті видеолар таратып жатқан жандарға, апаттан абырой жинамай-ақ қояйық, дегім келеді. Одан охватың артып, оқырманың көбеймейді. Бәрі біткесін әлеуметтік шығынға ұшыраған халықтың талабын мемлекеттен сауатты түрде талап етіп, қайта өндіріп алатын боламыз, ат салысайық!», — деп жазды ол.

    Өнер иесінің айтуынша, нақты іспен айналысып, көмек көрсетіп жүргендерге қолдау көрсетіп, атсалысу керек.

    «Сондықтан болатын іске көшейік. 10 тонна азық-түлік жинап, батысымызға жөнелтіп жатқан Малик Хасенов секілді қаншама танымал тұлғалар сбор ешіп, етігімен су кешіп, ел арасында жүр. Сондай ерлікті айтайық. Он тонна азық-түлікті тік ұшақпен жедел жеткізуге атсалысқан мемлекеттік органдардың ісін айтайық.

    “Қуанышты бөліссең көбейеді, қайғыны бөліссең азаяды” деген емес пе?! Қуанышты күніміз алда!

    Сабыр етейік. Еліміздің еңсесі түспесін! Бұлт артынан күн шығад», — деді әнші.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →