Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 3 қараша 2026 $ 453,8↑€ 507,5↓₽ 5,63↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты • Тоқаев «QazaqGaz» ҰК» АҚ басқарма төрағасын қабылдады • Щукин Рыбакинаны WTA қорытынды турнирінің фавориті деп атады • КХДР Binance биржасына хакерлік шабуылға қатысы бар деген айыптауды жоққа шығарды • «Сағыныш билеп, сезімге ерік бердім»: Жанель Мақажан ажырасудан кейінгі жағдайын айтты • Надежда Петрова: Қорытынды турнир WTA-ның Индиан-Уэллске ауысуы кімге тиімді • Қостанайда 86 жастағы қария кісі қолынан қаза тапты •

    Бишімбаевтың телефон соққан балгері Шымкентте тұратын болып шықты

    Бишімбаевтың телефон соққан балгері Шымкентте тұратын болып шықты

    Фото: Жоғарғы сот

    Астанада экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісіне қатысты кезекті сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Өзіне қатысты қылмыстық істің келесі эпизоды бойынша жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұған дейін айтқан балгер адамы Шымкент қаласында тұратынын айтты.

    Айта кетейік, бұған дейін екінші эпизод бойынша жауап берген Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенова ұйықтап жатқанда балгерге телефон соққанын айтқан.

    «Менің таныс балгерім бар еді. Мен Салтанат оянбай жатыр, қарап көріңізші дедім. Балгер маған «ол қатты шаршаған және мас, кешке дейін ұйықтасын, сосын бәрі жақсы болады» деді. Мен балгерге «біз үшін бірдеме оқыңызшы, Салтанат тез жазылып кетсін» дедім. Сосын Бақытжан Байжановқа дәрі әкеліп бер дедім», — деген еді Бишімбаев.

    Ал бүгін зардап шегуші тараптың адвокаты Жанна Оразбахованың сұрақтарына жауап беріп жатқан Қуандық Бишімбаев бұл балгер Шымкентте тұратынын хабарлады.

    «Балгер Шымкент қаласында тұрады. 1-1,5 жылдан бері таныспыз. Осы уақытқа дейін бизнесім бойынша хабарласып, сұрайтынмын. Менің ойымша, оның айтқаны келетін. Сондықтан, Салтанаттың басындағы көгерген жері үлкейген соң телефон соқтым», — деді ол.

    Адвокаттың «әйеліңізге жедел жәрдем емес, Шымкенттегі балгер көмектеседі деп ойладыңыз ба?» деген сұрағына ол «мен балгерге сенетінмін» деп қайталап жауап берді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →