Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 23 қараша 2026 $ 456,0↑€ 500,2↑₽ 5,60↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға • Махачев Усман Нурмагомедов пен Мераб Двалишвили арасындағы төбелеске қатысты пікір білдірді • Селиваненко: Мирра Андреева — маусымның ең жарқын теннисшілерінің бірі • Асқар Биржанов юниорлар арасындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды • Рүстем Жаныаманов баласының қазасы туралы алғаш рет ашық айтты • Азамат Сатыбалды 28 жасында салған төрт қабатты үйін көрсетті • Димаш Құдайбергенді жанкүйер сүймек болды: Мексикадағы концерттегі тосын оқиға •

    «Спортшыны өлтірген»: Қызылордадағы атысқа қатысы бар 13 күдікті ұсталды

    Қызылордада биылғы мамыр айындағы 3 адам қаза тапқан атысқа қатысты күдіктілер ұсталды, деп хабарлайды Qazaq.today ақпараттық агенттігі облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Облыстық прокуратураның басқарма басшысы Батырбек Нұрмағанбетовтің айтуынша, қылмыстық іс аясында 13 адам ұсталып, оларды қылмыстық қудалау органдары күдікті деп таныды.

    «Аталған дерек сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркеліп, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде күдіктілерден бес қару анықталып, тәркіленді. Тергеудің жан-жақты, толық және объективті жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында 55 сот-медициналық сараптама тағайындалып, қорытындылары қылмыстық іске тіркелді», — деді Б. Нұрмағанбетов.

    Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында анықталған өзге де мәліметтер ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабының талабына сәйкес жариялануға жатпайды.

    Еске салайық, 2022 жылдың 7 мамырында Қызылорда қаласының М.Көкенов көшесінде бір топ адам арасында төбелес шығып, соның салдарынан үш адам атыс қаруынан қаза тапқан болатын. Сондай-ақ тағы екі адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген еді. Қаза тапқандар арасында қызылордалық спортшы, бокстан спорт шебері Қуандық Жүсіп те бар.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →