Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 9 қазан 2026 $ 450,8↓€ 506,2↓₽ 5,32↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қарағанды облысында конфессияаралық келісім қалай нығая түсуде • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды • Қарағанды облысында конфессияаралық келісім қалай нығая түсуде • Қарағандыда 19 күндік нәрестеге жүрек отасы жасалды • Непал мен Тибетте хабар-ошарсыз кеткен екі қазақстандық әлі табылған жоқ • Астанада 750 орындық жаңа Оқушылар сарайы ашылады • «Төрдегі басын есікке сүйреп»: Роза Әлқлжаның күйеуімен арасы талқыға түсті • Грузин нөмір таққан: Қарағанды облысында жалған нөмірмен жүрген жүргізуші қамауға алынды •

    Екібастұз жылу электр орталығы учаскесі бастығының денесі көлік ішінен табылған

    «Екібастұз қаласының жылу электр орталығы (ЖЭО) учаскесінің бастығы Сергей Видлогтың денесі табылған» деп жазып жатыр жергілікті БАҚ.

    «4 желтоқсанда сағат 21.25-те «ВАЗ-21099» автокөлігінің салонынан ЖЭО ЖШС учаскесінің бастығы, 1989 жылы 20 тамызда туған Сергей Видлогтың денесі табылды, -дейді интернетке таралып кеткен рапортта.

    Сергей Видлогтың денесінен зорлық-зомбылық ізі байқалмаған, Қылмыстық кодекстің «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

    «Бұл факт Екібастұз қалалық полиция департаментіне тіркелді. Тексеріс жүріп жатыр», – дейді қала полициясы.

    27 қарашаға қараған түні жылу электр орталығы істен шығып, 150 мыңдық халқы бар Екібастұз қаласы жылусыз қалған.

    Өткен жексенбіде Екібастұз қаласының әкімдігі әзірге көп қабатты 11 үй жылу жетпей тұрғанын хабарлаған.

    Дереккөз

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →