Негізгі мазмұнға өту
СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды ФИФА президенті Әлем чемпионатын 62 командаға дейін кеңейткісі келеді Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған спорт вице-министрі Қожағапанов бостандыққа шықты Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әміріне көңіл айтты «Қайратқа күшті жауап болды»: Жұлдыз Әбдукәрімова Азамат Сатыбалдымен көзге түсті Көкшетауда 38 жастағы ер адам суға батып кетті «Тіркелу басталғанда рейс жоқ болып шықты»: SCAT әуе компаниясы Жезқазған бағытындағы ұшақ кенет ұшпай қалды

«Қазақстан халқына»: Қор су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

«Қазақстан халқына»: Қор су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі

Фото: Pixabay

«Қазақстан халқына» қоры еліміздегі су тасқынынан зардап шеккендерге 5 млрд теңге бөледі, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

Бұл туралы фондтың Telegram-арнасында жазылды.

Қордың мәліметінше, 31 наурызда «Қазақстан халқына» Қоғамдық қорының төрағасы Болат Жәмішев пен су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны кезеңінің салдарын жою жөніндегі республикалық штабтың төрағасы Олжас Бектеновтың кездесуі өткен.

“Тұжырымдамаға сәйкес Қордың мақсаттарының бірі төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен халыққа көмек көрсету болып табылады. Осыған байланысты Қор Қазақстанның бірқатар өңірлерінде жалпы сомасы 5 млрд теңгеге су тасқыны салдарынан зардап шеккен үйлердің құрылысына қолдау көрсететін болады”, – делінген хабарламада.

Қайырымдылық көмек көрсетудің негізгі талабы жергілікті атқарушы органдардың объективті тексеріс жүргізуі және тиісті сараптама ұйымдарының ауылдық тұрғын үйді жарамсыз деп тану фактісі болып табылады.

“Сондай-ақ, Қор тарапынан 2022 жылдың сәуір айында Батыс Қазақстан облысының Қаратөбе ауданында көрсетілген қайырымдылық көмек тәжірибесіне сүйеніп, ауылдық елді мекендердегі су тасқынынан зардап шеккен осындай 200 үй салуға болады деп пайымдайды. «Қазақстан халқына» қоры ҚР Президенті Қ. Тоқаев пен Қазақстан үкіметінің су тасқыны жағдайын тұрақтандыруға бағытталған барлық шараларын қолдайды”, – делінген хабарламада.

Мақаланы бағалаңыз 👇

Ұқсас жаңалықтар

Барлығы →