Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    Мәскеудегі теракт: Күдікті ретінде Қырғызстан азаматы ұсталды

    Фото: РИА Новости

    Ол екі айға қамалды, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

    ”Крокус ситидегі” терактқа қатысты сегізінші күдікті бүгін сотқа жеткізілді. Әлішер Қасымов атты Қырғызстан тумасы террористердің жоспарынан бейхабар болғанын айтады. Тергеу мәліметтері бойынша, ол ұсталған күдіктілерге пәтерді жалға берген. Қасымовтың өзі пәтер өткізетін “Авито” қызметі арқылы ғана олармен байланыста болғанын айтады.

    Еске сала кетейік, кеше Мәскеудің Басманский сотына тағы үш күдікті «Крокус Сити Холл” концерттік кешенінде террористік акт жасауға араласты деген күдікпен жеткізілген. Сот отырысы жабық режимде өтеді. Тергеу оларды тұтқындау туралы өтініш жасамақ.

    Олардың бірі Диловар Исмолов террористерге делдал ретінде көмектесті деген айыппен күдікті. Ұсталғандар мінген «Рено” көлігінің түпкі иесі.

    Тағы бір ұсталған Диловардың 62 жастағы әкесі Исроил Исмоилов және оның 33 жастағы ағасы Аминчон Саломов. Олар тағылған айыппен келіспейді.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →