Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды Respublica партиясы Құрылтай депутаттарының мандаттарын бөлу кезектілігін бекітті 13 жастағы Нұралы Әлхан суға батқан баланы құтқарғаны үшін ТЖМ медалін алды Санжар Боқаев пен Ұлан Нүсіпқожаның қамау мерзімі ұзартылды БАӘ-де қаза тапқан Бохановалардың әпкесі сіңлілерінің соңғы сәтін еске алды Исламабадтағы ауруханада болған өрттен 14 нәресте қаза тапты Бурабайда адасып кеткен қыз бес сағаттан кейін табылды

    Палестинаның жаңа премьер-министрі тағайындалды

    Фото: aa.com.tr

    Палестина президенті Махмуд Аббас Палестина инвестициялық қорының төрағасы Мұхаммед Мұстафаны жаңа премьер-министр етіп тағайындады. Аббас тиісті жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Anadolu агенттігі хабарлады, деп жазады Qazaq Today ақпарат порталы. 

    «Біз сізді премьер-министр етіп тағайындау туралы шешім қабылдадық және сізге заңмен белгіленген мерзімде Палестинаның 19-шы үкіметін құруды тапсырдық», – делінген жарлықта.

    Палестина ұлттық әкімшілігінің басшысы жаңа премьер-министрді «Палестина халқының мүдделерін қорғауға, оның жетістіктерін сақтауға, арттыруға және олардың мақсаттарына жетуге көмектесуге» шақырды.

    Жаңа үкіметтің, Аббастың кеңсесінің негізгі басымдықтары: «Газа секторының экономикасын қалпына келтіруге жедел көшу», «Палестина анклавының оңтүстігі мен солтүстігінде израильдік әскерилер қиратқан аумақтарды қалпына келтіру», «Тәуелсіз Палестина мемлекетінің болашағына деген нақты көзқарас қалыптастыру» және экономика мен мемлекеттік қауіпсіздік салаларындағы реформалар болуы жоспарланған.

    Премьер-министр болып тағайындалған Мұхаммед Мұстафа Дүниежүзілік банк пен Палестина билігінің мекемелерінде, соның ішінде Палестина инвестициялық қорында түрлі лауазымдарда жұмыс істеген.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →