Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 7 қараша 2026 $ 448,5↓€ 502,2↓₽ 5,50↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ

    Ақтөбеде екі көлік соқтығысып, 8 адам ауруханаға түсті

    Фото: видеодан кадр

    «Самара-Шымкент» тасжолында жол-көлік оқиғасы болып, адамдарға көмек көрсету үшін жедел жәрдемнің 5 бригадасы жіберілді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Оқиға «Самара-Шымкент» автожолының Өлке ауылы маңында болды. Лада Ларгус және Тайота Эстима автокөліктері соқтығысып, екі автокөліктің де жүргізушісі және 6 жолаушы түрлі жарақат алып, медициналық мекемеге жатқызылды.

    — Тексеру барысында екі автокөліктің де жүргізушісі бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған болып шықты. Олар 12 және 13 наурыз күндері жол қозғалысы ережелерін бұзған, — деп хабарлады облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

    Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нұрбол Тымпиевтің айтуынша, оқиға орнына бірден 5 бригада жіберілген. Оларды дәрігерлер қарап жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →