Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр Алаяқтар iPhone 18 алдын ала тапсырысын сылтау етіп ақша ұрлаудың жаңа схемасын қолдануда Мемлекет басшысы Сауд Арабиясы Королін құттықтады Астанада 27 жастағы қыздың көлігінен бір келіден астам мефедрон табылды «Жұғысты болсын»: Жігер Ауыпбаевтың жас әйелі жылап қалды Азиада-2026: қазақ спортшысы ушудан алғашқы қола медальді жеңіп алды «Құлағанша күте ме?»: Көкшетаудағы көпірдің жағдайы тұрғындарды алаңдатып отыр

    Енді балалар 1-сыныпқа қабылдану үшін емтихан тапсырмайды

    Фото: nazarnews.org

    Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Қаныбек Жұмашев 1-сыныпқа қабылдауға емтихан өткізуге тыйым салынатын ереже енгізілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.

    Оның сөзінше, құжатта бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді.

    “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне білім беру, тәлімгерлік және балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңы қабылданды. Балалардың білімі мен қауіпсіздігі туралы заңда лицейлер мен гимназияларға бірінші сыныпқа қабылдау кезінде емтихан өткізуге тыйым салатын ереже енгізілді. Бұл шешім неге негізділген? Біріншіден, бұл норма дайындық деңгейіне қарамастан, барлық типтегі және барлық балаларға мектепке қабылдау кезінде шектеулерді алып тастайды. Бастапқы білімді игеруге, танымдық қабілеттер мен әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларын дамытуға тең мүмкіндіктерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді, — деді комитет басшысы.

    Қаныбек Жұмашев атап өткендей, екіншіден, тестілеуге, әңгімелесуге қатысудан психологиялық күйзеліс, конкурстық іріктеуді күтуден жағымсыз тәжірибелер жойылады. Бұл жағдай баланың психоэмоционалдық жағдайын нашарлату және оның денсаулығына теріс әсер етуі мүмкін.

    «Сонымен бірге конкурстық іріктеу нәтижелерін күткен ата-аналардың наразылығы азайтылады. Балаларды мектепке қабылдау рәсімінің қоғамдық резонансы болмайды. Бұл өзгерістер алдағы оқу жылына 1-сыныпқа қабылдағанда енгізіледі», — деп түсіндірді Оқу-ағарту министрлігі өкілі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →