Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 27 тамыз 2026 $ 457,6 534,0 5,47
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті Жекеменшік мектептерді қаржыландыру цифрландырылды Тоқаев тапсырмасы: цифрлық бақылау бюджеттен 12 млрд теңгенің негізсіз жұмсалуына жол бермеді Cолтүстік Қазақстанда 38 жастағы ер адам көз жұмды Даниялық боксшы Жәнібек Әлімханұлын сынап тастады «Сахнада сипап тұрады»: Жеңіс Ысқақова жастарды сынап тастады Бір жыл бойы бітелмеген шұңқыр: Семей тұрғындары әкімдіктен жолды жөндеуді талап етті

    Баяндама барысында боқтап жіберген депутат кінәсін мойындады

    Фото: instagram.com/timur_yeleussizov

    Алматы мәслихатының депутаты Тимур Елеусізов жиналыс кезінде баяндама оқып, кейбір сөзге тілі келмей боқтап жіберген. Депутатты полиция департаментіне шақырған, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат порталы El.kz-ке сілтеме жасап.

    Тимур Елеусізовке боқауыз сөз айтқаны “Ұсақ бұзақылық” бабы бойынша айыппұл салынған. Ол бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған видеосында мәлімдеді.

    «Бүгін таңертең мен полиция бөліміне келдім, түсініктеме жаздым. Олар мені Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша жауапкершілікке тартты. Жіберген қателігіміз үшін толық жауапкершілік алуымыз керек», — деді депутат Instagram-парақшасындағы видеода.

    Алматы мәслихаты Елеусізовтің балағат сөз айтуына қатысты оқиғаға қатысты пікір білдіріп, оған сөгіс берілгенін жеткізген.

    «Алматы қалалық мәслихатында бірден барлық депутаттардың қатысуымен әңгіме өтіп, оның барысында Тимур Елеусізовке депутаттық этиканы қатаң сақтау қажеттігі айтылып, әріптестері тарапынан сөгіс берілді», – делінген пікірде.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →