Негізгі мазмұнға өту
Сәрсенбі, 2 қыркүйек 2026 $ 458,5 530,8 5,28
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты Алыш күресінен Нұрсұлтан Қожагелдіұлы қола медаль жеңіп алды Көкек ана: Қордайда жаңа туған шақалақты қоқыс жәшігіне лақтырған қыз ұсталды Былтыр ғана салынған мектептің жертөлесін су басты: 370 бала білім алып жүр Шыңнан кейінгі тыныштық: Қазақстанда туу неге азайды және бұл елді қайда бастайды? Ақтөбеде тұрғындар шұрық-тесік жолдан шаршады: әкімдіктен жөндеуді талап етті «Жаға жыртысуға дейін барды»: Түркістан облысындағы мектепте ата-аналар мен мұғалімдер жанжалдасты

    Алматы облысында білім бөлімінің басшысы 680 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

    Фото: gov.kz

    Алматы облысы Іле ауданы білім бөлімінің басшысы жемқорлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Алматы облысы Іле ауданының білім бөлімі» ММ басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.

    «Ол Іле ауданының орта мектептерінде іс жүзінде еңбек қызметін жүзеге асырмаған адамдарға адамдар тобымен алдын ала сөз байласу бойынша жалақы аудару арқылы 680 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқыру бойынша күдікті.

    Сонымен қатар, ол лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалана отырып, өзінің жүргізушісін мектеп-гимназияға кәсіби бағдаршы лауазымына жалған жұмысқа орналастырып, оған заңсыз жалпы сомасы 4.9 млн теңге жалақы төлеген», — делінген Антикор хабарламасында.

    Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

    Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

    Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →