Негізгі мазмұнға өту
Сенбі, 14 қараша 2026 $ 443,4↓€ 490,4↓₽ 5,35↓
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты • Тоқаев ҰҚК төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады • Мирра Андреева жартылай финал алдындағы қорқынышын айтты • WBC уақытша чемпионы Рамос Нұрсұлтановпен жекпе-жегі тоқтатылған соң Хоганмен шаршы топқа шығады • Жұлдыз Әбдікәрімованың Қарақалпақстандағы суреттері желіде талқыға түсті • Данияр Ашимбаев Тоқаевтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұстанымын бағалады • Марат Омаров бұрынғы және қазіргі әйелдерімен қарым-қатынасы туралы айтты •

    Ангелина Лукас әлем чемпионы атағын жеңіп алды

    Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (5-1, 2 КО) Бакуде (Әзербайжан) кәсіпқой бокс кешінде өнер көрсетіп, пәкістандық спортшыны бірінші раундта нокаутпен жеңді, деп хабарлайды Qazaq Today ақпарат агенттігі.

    Ангелина Лукас пәкістандық Рома Юсуфпен (5-0-1, 2 КО) кездесті. Бұл жекпе-жек жеңіл салмақ дәрежесінде өтті және сегіз раундқа жоспарланған болатын. Жекпе-жекте Лукас бірінші раундта нокаутпен жеңіп, WIBA әлем титулын иеленді.

    Мен бәріңізді қатты жақсы көремін және сіздерге жақсы жаңалық айтқым келеді, біз мұны жасадық! Бүгін мен екінші әлем чемпионы атағын жеңіп алдым және менің мақсатым абсолютті чемпион болу! Алға Қазақстан!, — деп жазды Лукас.

    Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой рингтегі алтыншы жеңісіне қол жеткізіп, WIBA белбеуіне қол жеткізсе, Рома Юсаф спорттық мансабындағы алғашқы жеңілісіне ұшырады. Бұған дейін Лукас WBC International және UBO чемпиондық белбеулерін де жеңіп алған болатын.

    Жекпе-жектен кейін Лукас Instagram әлеуметтік желісінде қарсыласына жекпе-жек үшін алғысын білдіріп, бірге түскен суретін жариялады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →