Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 24 қыркүйек 2026 $ 448,4 514,5 5,35
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Алматы әуежайы түрік менеджері туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

    БАҚ пен әлеуметтік желіде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Алматы халықаралық әуежайының вице-президенті – Әкімшілік департаменті басшысының орынбасары – түрік топ-менеджері Уфук Сертті есірткі ісі бойынша ұстағаны туралы хабар тарады, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    Алайда Алматы әуежайының баспасөз қызметі мұны жоққа шығарды.

    «Уфук Серт ұсталған жоқ. Ақпарат шындыққа жанаспайды», — делінген хабарламада.

    Әуежайдың баспасөз қызметі сонымен бірге қазіргі уақытта «Алматы халықаралық әуежайы» АҚ тергеу аясында уәкілетті органдармен бірлесіп жұмыс істеп жатқанын, тергеу аяқталғаннан кейін ақпарат беретінін хабарлады.

    Сондай-ақ қызметтік тексеріс те жүргізіліп жатыр.

    Qazaq.today 

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →