Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 8 қазан 2026 $ 455,3↑€ 510,6↑₽ 5,37↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті • 20 жастағы франциялық қыз Қазақстанға бауыр басып, қазақ тілін үйреніп жүр • Канадада жасөспірім ЖИ чат-ботының кеңесімен жартасқа тап болып, құтқарылды • Қазақстанда адам құқықтарын қорғау тетіктері нығайып келеді • Абылайхан Жұбаназар дзюдодан әлем чемпионатының қола жүлдесі үшін күреседі • «Қарттар үйі» дұрыс шешім»: Бақыт Тұрманның мәлімдемесі жұртты шошытты • «Қазақмыс» Балқашта әлеуметтік инфрақұрылымды дамытуға кірісті •

    Киімі мұз болып қатқан: ТЖМ құтқарушылардың қалай жұмыс істеп жатқанын көрсетті

    Төтенше жағдайлар министрлігі аязды ауа райында құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің қандай жанқиярлықпен еңбек етіп жүргенін көрсетті, деп хабарлайды Qazaq.today агенттігі.  Ведомствоның баспасөз қызметі таратқан видеода үсті-басын қалың мұз жауып қалған құтқарушының белдігін балғамен ұрып шешіп жатқанын көруге болады.

    «Таңғы сағат 7.30.00 шамасында Қосшы қаласында өрт шыққан. Біз таңғы сағат 5.00-ден бастап жұмысқа кірістік», — дейді мұз болып қатқан қолғабын шеше алмай жатқан құтқарушылардың бірі.

    Министрлік өрт сөндірушілер мен құтқарушылар қолайсыз ауа райына қарамастан қызметін абыроймен жалғастырып жатқанын атап өтті.

    «ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі ел тұрғындарын қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады!» — делінген хабарламада.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →