Негізгі мазмұнға өту
Жұма, 30 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Жәмилә Бақбергенова әлем чемпионатында қола жүлдеден құр қалды • Қазақ фехтовальщиктері Бахрейндегі Азия чемпионатында алтын, күміс және қола медаль алды • Астанада көлік нөмірін тетікпен жасырған BMW иесі қамалды • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған •

    «Көктайғақ болады»: Алматыда аяз болатыны хабарланды

    Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасы ауа райының нашарлауына байланысты көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді сақ болуға шақырды, деп хабарлайды қала әкімдігі Telegram-дағы ресми арнасында.

    «Қазгидромет» РМК болжамынша, Алматы қаласында 23 қарашада, сонымен қатар, 29-30 қарашада аралығында ауа райы нашарлайды. Атап айтқанда жел күшейіп, жауын-шашын түсіп, қар жауады. Ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендейді.

    «Жолдар мен тротуарларда көктайғақ болады. Жолға мұз қатуы мүмкін, жүргізушілерді өте мұқият болуға, арақашықтықты, бүйірлік аралықты сақтауға, қолайсыз ауа райын ескеріп, жылдамдықты асырмауға, шұғыл бұрылмауға және тежегішті бірден баспауға, жол белгілерін қатаң сақтауға шақырамыз», — деп ескертті Алматы қаласы Коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасындағылар.

    Ведомство өкілдері жаяу жүргіншілерді жолда абайлап жүріп, мүмкіндігінше сақ болуға шақырды.

    «Жүргізуші сізді көріп, өткізіп жібергеніне көз жеткізіп, көлік құралы жауын-шашын кезінде, әсіресе көктайғақта бірден тоқтай алмайтынын есте сақтау қажет», — деді ведомство өкілдері.

    Бұған дейін ауа райының нашарлауына байланысты алматылық тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушыларды қауіпсіздік шараларын күшейтуге шақырғанын жазған едік.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →