Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты •

    Алматыда Медиафорум өтеді: «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ»

    4 желтоқсан күні Алматыда «Түркітілдес журналистер қоры» қоғамдық қоры мен Дүниежүзілік шетелдік баспасөз ассоциациясы «Шеврон» компаниясының серіктестігінде, «TURKTIME: ТҮРКІ МЕМЛЕКЕТТЕРІНІҢ МЕДИА БІРЛІГІ» тақырыбында ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумын ұйымдастырады.

    Медиа форумның мақсаты – түркітілдес мемлекеттер мен ұлттардың бұқаралық ақпарат құралдарының өзара тиімді ынтымақтастығын күшейту, журналистердің кәсіби білігі пен білімін арттыратын ортақ жобаларды жүзеге асыру, түркі халықтарының рухани, тарихи және мәдени байланыстарын БАҚ арқылы насихаттау.

    Қатысушылар: Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Түркия, Бельгия, Нидерланд елдеріндегі БАҚ басшылары, журналистер, медиа саласындағы үкіметтік емес ұйымдар мен халықаралық ұйымдар өкілдері.

    ІІІ Халықаралық түркітілдес журналистер медиа форумы шеңберінде «Әлеуметтік журналистика: БАҚ-тағы әлеуметтік мәселелер» тақырыбында Қазақстанның аймақтарынан жиналатын қазақ журналистер үшін семинар-тренинг, «Әлеумет – қоғам айнасы», «Еркін сөз» шығармашылық байқауларының жеңімпаздарын марапаттау салтанаты өтеді.

    Форум сайтына сілтеме: www.mediaforum.kz   

    Іс-шараға қатысу үшін тіркеуден өтіп, толтырылған нұсқаны turkgazetecilervakfi@gmail.com  электронды поштасына немесе +7 (707) 455 2415 (WhatsApp) нөміріне жіберу қажет.

    Өтетін күні: 4 желтоқсан 2023 жыл

    Өтетін уақыты: 09:00 – 18:00

    Өтетін жері: Алматы, «Regardal hotel», Пожарский,1.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →