Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты • Шымкентте тікелей эфирде балағат сөз айтқан әйел қамалды • Қазақстанның 20 өңірінде жаңа форматтағы мектептер салынады • Астанада заңсыз онлайн-казино арқылы 188 млрд теңгеден астам қаржы айналған • Ақмола облысында көлік қаққан екінші жұмысшы ауруханада көз жұмды • 1,2 млрд теңге шығын: Ақтөбенің жерін қазып, астындағы байлығын жинап алған кәсіпкерлердің былығы анықталды • Құрылтай делегациясы Душанбедегі Орталық Азия парламентаралық форумына қатысты •

    «Сынған мұрын»: танымал актриса отбасындағы зорлық туралы айтты

    [Танымал актриса Аружан Жазылбекова көпшілікке беймәлім отбасылық құпиясымен бөлісті, — деп хабарлайды Massaget.kz.

    Актриса әлеуметтік желідегі парақшасында ата-анасының ажырасу себебін айтты.

    «Аружан, сен мықтысың, өйткені бұл жағдайдан тыс қалмадың». Шын мәнінде, мен ештеңе айтпадым. Бұл жазба шимайлар арасында бір апта бойы сақтаулы тұрды. Неге екенін білесіздер ме? Өйткені бұл — ұят! Отбасымда зорлық-зомбылық болғанын айту қаншалық ұят екенін білсеңіздер.

    Қоғам мұндай жағдайларды айтуға болмайтынын растағанда да қысым көрсетеді. Бірақ кейінгі күндері мұндай жағдайды басынан өткермеген бірде-бір әйелдің жоғын байқадым. Демек, ұят емес қой? Демек, біз бір-бірімізді жақсы түсінемі», — дейді өнер иесі.

    Өнер иесінің айтуынша, анасы ерік-жігерін жинап, мұндай жағдайдан шыға алған.

    «Күш жинап, мұндай жағдайдан шыққан анама өмір бойы алғыс айтамын. Оны ата-анасы кері қабылдамаған. Оны төрт ағасының біреуі де қолдамаған, өзінен басқа ешкім қорғамаған. 26 жасында баламен жалғыз қалған оған оңай болған жоқ, ол көп қателікке ұрынды, бірақ қайта оралмады. Зорлықты енді ешқашан көрмеуім үшін қайта оралмады. Сынған мұрын, қан, мүмкін мұның бәрі қайғылы аяқталғанын қаламаған шығар. Егер ол саған қол көтерсе, шыдама, үнсіз қалма, бұл туралы бәріне айт та тез арада кет. Бұған дейін шыдағаныңа да, балаларға әке керек деп те ойлама. Мұндай әке ешкімге керек емес. Менің өмірім — бұған айқын мысал», — деп жазды өнер иесі.

     

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →