Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 20 тамыз 2026 $ 462,1 534,9 5,44
  • Информационное сообщение
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда «Қайсар» Қазақстан кубогының финалына жолдама алды Кети Топурия қазақ тілінде ән орындап, желіде түрлі пікір тудырды Қазақстанда 20 тамыздан бастап смартфондарды міндетті верификациясыз сатуға тыйым салынады Кәмшат Жолдыбаева ана атанғанын растап, жеке өмірі жайлы сыр шертті Испания королі VI Фелипе Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс хат жолдады Жолбарыс пен қабанның түнгі айқасы желіде талқылануда

    Қазақстанда миллиондаған гектар жайылымдық жерлер заңсыз берілген

    Жайылымдарды ұтымды пайдалану және олардың қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері прокуратураның тұрақты бақылауында. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады, — дейді qazaq.today сайты orda.kz тілшісіне сілтеме жасап.

    «Соңғы 3 жылда прокурорлар 18 млн га бос және 3 млн га заңсыз бөлінген жайылымдық жерлерді анықтады. Оның 5 млн-ы мемлекет меншігіне қайтарылып, 4 млн гектары айналымға енгізілді. Жұмыс нәтижесі жерді игеруге мүмкіндігі жоқ адамдар жердің жасанды тапшылығын туғызатынын көрсетті» делінген хабарламада.

    Осы себепті, саналы диқандар мен ауыл тұрғындары жайылымдық жерді пайдалану мүмкіндігінен айырылып, ақырында оның тапшылығына әкеліп соғады, дейді қадағалаушы орган. Бүгінгі таңда республика бойынша 15 млн гектарға жуық қоғамдық жайылымдық жердің жетіспейтіні анықталды, бұл жеке қосалқы шаруашылықтардың малдарын жаю да қиындықтар туғызады.

    Жағдайды жақсарту үшін биыл Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, мемлекетке қосымша 5 млн гектар жерді қайтару жоспарда бар.

    «Біздің жергілікті жерлерде жүргізген шараларымызға сәйкес, әкімдіктер жалпыға ортақ жайылымдарды басқару жоспарларын бекітті. Бұл ауылдық елді мекендер маңындағы жайылымдық жерлерді жеке тұлғаларға берудің алдын алады. Жайылымдарды қамтамасыз етудегі заң бұзушылықтар және прокуратураның қадағалау актілеріне тиісті бақылаудың жоқтығы үшін 520 лауазымды тұлға тәртіптік, оның ішінде 42-сі мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіретін әрекеттері үшін жауапкершілікке тартылды» деп хабарлады Бас прокуратура.

    Бұл бағыттағы жұмыстар әлі де жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →