Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты • Қорғаныс министрлігін тексеру: 13 қылмыстық іс қозғалып, 5 лауазымды тұлға қамауға алынды • «Қайратқа тиісемін деп қарғыс естідім»: Айнұр Тұрсынбаева танымал әнші туралы айтты • Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі ауқымды аудитті жалғастыруды тапсырды • Қазанның алғашқы аптасында күн бұзылмақ: «Казгидромет» ескерту жасады • Қызылордада судья 9 жылға сотталып кетті • «Құлағыма арманы орындалғанын айтты»: Мақпал Жүнісова тойда болған жайтты айтты •

    Түркістан облысында таулы аймақтардағы 270 жер учаскесі заңсыз берілген

    Түркістан облысында прокурорлар таулы аймақтарда орналасқан 270 жер учаскесін элиталық саяжай құрылысына заңсыз берілгенін анықтады, деп хабарлайды Qazaq.today.

    Ведомство өкілдерінің мәліметінше, сонымен қатар аталған өңірде азаматтарға жалған құжаттар ұсыну арқылы 26 жер учаскелерін рәсімдегені және 28 жер учаскелерінің орнын заңсыз өзгерту фактілері болған.

    «Жергілікті атқарушы органдар Түркістан қаласы, Сарыағаш, Сайрам, Төлеби және Түлкібас аудандарындағы 200 ауылшаруашылық жерлерінің нысаналы мақсаттарын негізсіз тұрғын үй құрылысы және демалыс аймақтарына өзгерткен», — делінген прокуратура хабарламасында.

    Аталған деректердің негізінде жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлеріне қатысты билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану және алаяқтық фактілері бойынша 8 қылмыстық іс қозғалды.

    «Бұдан бөлек прокурорлардың ұсынысы негізінде мемлекеттік органдар 400-ден астам жерді мемлекет меншігіне қайтару процесін бастады», — делінген хабарламада.

    Фото: ғаламтордан

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →