Негізгі мазмұнға өту
Бейсенбі, 29 қазан 2026 $ 456,6↑€ 507,8↑₽ 5,67↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді • «Жетіммін, ата-анамды қатты сағындым»: «Бетперделі жігіт» мұқтаж жанның арманын орындады • «Кейбірі өсекке айналдырып жатыр»: Бағлан Әбдірайымов досы Мырзаханның үйленуі туралы • «Қазгидромет» 29 қазанда бірқатар қалада қолайсыз метеожағдай болатынын ескертті • Павлодар облысында сыртқы әжетхана опырылып, ішіндегі әйел құтқарылды • Тоқаев пен Ердоған Қазақстан-Түркия қатынастарының болашағын талқылады • Түркістандағы жекеменшік мектеп аумағында трансформатор өртенді •

    Йемендік хуситтер Израильге «соғыс жариялады»

    Йемендік хуситтердің өкілі Яхья Сария өз халқының Израильге соғыс жариялауды қолдайтынын және жау территориясына жаппай зымыран мен ұшқышсыз шабуылдар жасалғанын айтты, деп хабарлайды Qazaq.today Orda.kz-ке сілтеме жасап. 

    «Йемен Израильге ресми түрде соғыс жариялады» деген хабар жаһандық ақпарат кеңістігін дүр сілкіндірді. Шындығында, елдегі билік партиясын, хуситтер құрған Ансар Алланы әлем қауымдастығы қабылдамады. Йемендегі қарулы қақтығыс 2014 жылдан бері жалғасып келеді. Хуситтер президент Абд-Раббу Мансур Хадиді қолдайтын елдер коалициясына қарсы соғысуда. Сонымен бірге хуситтер ел астанасын да өз бақылауына алды.

    Израильге соғыс жариялау туралы  мәлімдемені «Ансар Аллах» партиясының өкілі жасады. Оның айтуынша,  әскери операция «жаншылған Палестина халқын және олардың жауынгерлік қарсылығын» қолдауға бағытталған. Бұған қоса, хуситтер Израиль аумағына ұшқышсыз ұшақтар мен баллистикалық зымырандық шабуылдар  жасап үлгерді.

    Qazaq.today

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →