Негізгі мазмұнға өту
Дүйсенбі, 5 қазан 2026 $ 448,9↑€ 505,4↑₽ 5,39↑
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚ
    «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) • «Ұшақ ішінде 45 минут отырдық»: шымкенттік жолаушы FlyArystan-ды сотқа берді • Каспийдегі қайғылы оқиғадан аман қалған сарбаздар үйлеріне оралды • Мемлекет басшысы қауіпсіздік салалары бойынша бірқатар жаңа тағайындау жасады • Астанада автобус жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттайтын болды • Янн Лекун: Жасанды интеллект адамзатты жояды деген қауіп жоқ • «Элиталық тұрақсыздық болды»: сарапшы Тоқаевтың билікті тұрақтандыру үшін төрт жыл жұмсағанын айтты (ВИДЕО) •

    Нигерияда содырлар бір ауылдың 40-қа жуық тұрғынын өлтіріп кетті

    Нигерияның солтүстік-шығысындағы Йобе штатындағы ауылда екі күн ішінде кем дегенде 40 шақты тұрғын «Боко Харам» содырларының қолынан қаза тапты. Reuters агенттігінің хабарлауынша, бұл туралы штат полициясының өкілі Абдулкарим Дунгус мәлімдеді.

    «30-31 қазанда Гурокайя ауылына шабуылдар жасалып, кем дегенде 40 тұрғын қаза тапты», — деді ол.

    Айта кетсек, Батыс Африкадағы ең ірі радикалды исламдық лаңкестік топ «Боко харам» 2002 жылы Нигерияның солтүстігінде пайда болған еді. 2015 жылы Нигерия үкіметінің күштері бұл топқа  соққылар жасап, оның бақылауындағы аумақты айтарлықтай қысқартты.Сол жылы «Боко харам» тобы жік-жікке бөлініп, содырлық құрылымдардың бір бөлігі ДАИШ лаңкестік тобына (Қазақстанда тыйым салынған) қосылғанын жариялап, «Батыс Африкадағы Ислам мемлекеті» атауын қабылдады. Топ мүшелері де ара-тұра көрші мемлекеттерге де – Камерун, Нигер, Чад елдеріне шабуыл жасап тұрады.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →