Негізгі мазмұнға өту
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2026 $ 446,8 512,8 5,31
  • Жарнама
  • Жоба туралы
  • Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды

    Атырау облысында жол апатынан бес адам мерт болды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 26 маусым күні сағат 16:00 шамасында болған. Көлік апатына жолда жүру ережесін сақтамау себеп болған.

    «Республикалық маңызы бар Доссор-Құлсары-Бейнеу тасжолының 31-шақырымы тұсында Toyota Hiluxe және Hyundai Tucson автокөліктері соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Hyundai Tucson​ көлігін​ің 37 жастағы жүргізушісі мен оның 4 жолаушысы оқиға орнында қаза болды. Toyota Hiluxe автокөлігінің жүргізушісі мен жолаушысы түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді», — делінген хабарламада.

    Қазір аталған жол-көлік оқиғасына байланысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

    Мақаланы бағалаңыз 👇

    Ұқсас жаңалықтар

    Барлығы →